Сауда және маркетинг

Хром

Біздің сату және маркетинг жөніндегі қызметіміз Стамбулдағы бас кеңседе жүзеге асырылады және Швейцария, Қазақстан мен Қытайдағы біздің кеңселермен тығыз байланысты.

Біздің Eti Krom компаниясы Түркияда хром кенін ең ірі өндірушілерінің бірі болғасын, Түркия мен Швециядағы еншілес ферроқорытпа зауыттарына хром жеткізеді. Хром кенінің артығы біздің брендтің жоғары беделінің арқасында Қытайға оңай сатылады. Сонымен қатар, біздің Қазақстандағы хром кенін өндіретін еншілес кәсіпорынымыз «Восход Хром» шикізатты Ресей мен Швециядағы біздің ферроқорытпа зауыттарына жеткізеді. Біздің тік интеграцияланған жеткізу тізбегінің жоғары икемділігінің арқасында «Восход» Ресей мен Қазақстандағы химия зауыттарына да, Қытайда ферроқорытпа зауыттарына да хром жеткізе алады.

Феррохром

Екінші жағынан, әлемде жоғары сапалы жоғары көміртекті феррохром (ВУ ФХ) өндірушісі бола отырып, біз өнімді болат және металлургия өнеркәсібінің негізгі компанияларына жеткіземіз. Жеткізілетін қорытпалар тот баспайтын болатқа өңделеді, ол қазіргі өмірдің негізі болып табылады. Біздің өнім қоржынының кең ассортименті инфрақұрылым, көлік, машина жасау, энергетика және халық тұтынатын тауарларды қоса алғанда, көптеген түрлі секторларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Жоғары сапалы хром қорытпаларының кең ассортиментін іске асыра отырып, біз сенім, бедел және нарықтық тәжірибе негізінде клиенттермен ұзақ мерзімді коммерциялық қарым-қатынасты қолдауға тырысамыз.

Біздің маркетинг және сату жөніндегі мамандарымыз операциялық бөліммен тығыз ынтымақтасады, бұл бізге ресурстарды тиімді басқаруға, клиенттердің қажеттіліктерін тез анықтауға және өнімдер мен қызметтерді клиенттердің қанағаттануын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Көбірек білу